Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруының таралуы 54 есе азайды. Сонымен қатар, көкжөтел, вирусты гепатиттің жұғу қарқыны айтарлықтай бәсеңдеген. Мамандар бұған кең ауқымда жүргізілген екпе жұмыстарының оң әсері болды деген пікірде. Бүгінде өңірде 1 жасқа толмаған сәбилердің тең жартысы түрлі қатерлі дертке қарсы егілген. Ал санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің дерегіне сүйенсек, 31 жұқпалы аурудың таралуы төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері оба, тырысқақ секілді қатерлі дерт тіркелмепті.
ДЕРГҮЛ АҒАДІЛОВА, БҚО ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл азайды. Көкжөтел де, қызылша да вакцинамен реттеуге болатын ауруларға саналады. Сосын тікелей вакцинамен қамтуға да байланысты. Егер де бала екпе алған болса, ол 100% ауырмайды. Вирусқа қарсы тікелей дәрі жоқ, ем жоқ. Ол өте қауіп. Ауыр жағдайларға алып келеді. Сондықтан екпе алу керек.