$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Алматының Медеу ауданында инфрақұрылым жаңарып, аулалар абаттандырылуда

16.07.2025ж. 19:30
121
Алматының Медеу ауданында инфрақұрылым жаңарып, аулалар абаттандырылуда

Алматының Медеу ауданында маңызды инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Тілшілерге  ұйымдастырылған баспасөз турында аудандағы ауқымды жұмыстар таныстырылды. Алғашқы нысан – «Мұзтау» шағын ауданындағы сумен жабдықтау құрылысы болды. Аудан әкімінің айтуынша, жобаның басты мақсаты – 2 000-нан астам тұрғынды үздіксіз, сапалы сумен қамту.

ЕРКЕБҰЛАН ОРАЗАЛИН, МЕДЕУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл күзге дейін толық жұмыстарды бітіріп, көріктендіру сонымен қатар асфальттау жұмыстарын бірге жаңағы жолды қалпына келтіру бәрін толығымен бітіріп, эксплуатацияға тапсыратын боламыз Алматы су өзіміздің комуналдық шаруашылық ұйымына.

Медеу ауданында 536 аула бар, оның 414-і мемлекеттік тұрғын үй қорына жатады. Соның ішінде тозығы жеткен 31 аула 2026 жылға дейін толық жаңартылмақ. Осыған дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы 650-ден астам тұрғынның ұсынысы қабылданып, 2 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Биыл бағдарлама аясында 46 аула абаттандырылуда.

АЗАТ КӘКЕТАЕВ, МЕДЕУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл по этапный системный жұмыс. Әр жылда оның өзінің бір мерзімі бар. Жаңағы айтып кеткендей соңғы рет бұл двор 2015-16 жылдары жасалса қазір міне 9 жылдан кейін ба біз келіп оны қайтадан көркейту жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. 

Бұл-   күрделі жөндеуден өткен №33 мектеп.  Мұнда оқушы орнының тапшылығын жою бағытында қолға алынған шаралар таныстырылды. Жалпы атқарылып жатқан жұмыстар -тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кешенді көзқарас. Сапалы ауыз су, қауіпсіз кәріз жүйесі, балаларға арналған заманауи аулалар мен оқушыларға қолжетімді білім кеңістігі – барлығы тұрғындар үшін жасалуда.