$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Елімізде "Келешек мектептері" жобасы аясында 122 білім ордасының құрылысы аяқталды

Елімізде "Келешек мектептері" жобасы аясында 122 білім ордасының құрылысы аяқталды

Елімізде 200 мыңнан астам бала заманауи мектепте білім алуға мүмкіндік алды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 122 білім ошағының құрылысы аяқталды. Пайдалануға берілген мектептердің 40 пайыздан астамы ауылдарда орналасқан. Ғимараттар бұрынғы стандарттармен салыстырғанда кең, техникалық жабдықталуы 4 есе артық. Жалпы бұл жоба бойынша заман талабына сай 217 мектеп салу жоспарланған. Бұл мектептерде 460 мың оқушы білім алатын болады. Жобаның мақсаты – еліміздің барлық өңіріндегі балаларға тұратын жеріне қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау. Жаңа ғимараттар- келешек ұрпақтың білімін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыс. Осы орайда тұрғындар болашақтың мектептері қандай болу керектігі жөнінде пікірлерін білдірді.

БЛИЦ:

- "Жайлы мектеп" болу керек ғой. Балалардың барлығына қолжетімді болу керек. Спорт жағынан да, рухани жағынан да, шахмат, жан-жақты қазақты дамытатын ойыны болса, өте жақсы білімді ұрпақ тәрбиеленеді.

- Интернетке жабдықтайды деп жатыр ғой, столын барлығын, компьютерін жабдықтаса деймін.

- Мектептердің қабаты көп болса, сыйымдылығы да артса екен.

- Балалар оқудан басқа нәрсеге көңіл аудармайтындай болу керек. Барынша простой кабинеттер болу керек. Барлығы мемлекеттік стандартпен жабдықталса жақсы болар еді.