$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Бүгін күн күркіреп, жаңбыр жауады

AstanaTV
17.07.2025ж. 10:41
90
Бүгін күн күркіреп, жаңбыр жауады
Фото: Ақмешіт жастары

Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Оңтүстікте жел күшейсе, солтүстікте тұман түседі.

Батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. Республика бойынша жел күшейеді.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы +31+33°C. Желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз +35+37°C. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн қатты ыстық. Күндіз +41+43°C. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.