«Орталық Азия — Қытай» саммиті енді екі жылдан кейін Бейжіңде өтеді. Бұл туралы формат Хатшылығының Бас хатшысы Сунь Вэйдун Астана саммитін қорытындылаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Astana TV.
Орталық Азия елдерінің президенттері екіжақты кездесулер өткізді. Онда өзара сенімді нығайту және ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды, — деді ол БАҚ өкілдерінің алдында оқыған мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ол Астана саммитінің ұйымдастырылу деңгейіне тоқталды.
Тараптар Қазақстанға екінші Орталық Азия — Қытай саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Тараптар үшінші Орталық Азия — Қытай саммиті 2027 жылы Қытайда өтеді деп келісті, — деді Сунь Вэйдун.