$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын анықталды

AstanaTV
17.07.2025ж. 14:01
113
Ақтөбе облысында бұланды заңсыз атқан тұрғын анықталды
Фото: ашық дереккөзден алынды

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық шаралар жүргізу барысында заңсыз аңшылық дерегін анықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Полицейлер Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында далалықта жабайы жануарды сойып жатқан ер адамды байқады. Тексеру барысында ауыл тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысып, бұланды атып алғанын айтты.

Күдіктінің Lada-21214 автокөлігінен тіркелген ойық ұңғылы карабин қаруы табылып, тәркіленді.

Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін.

Полиция азаматтарды қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтауға, табиғатқа құрметпен қарауға және жануарлар дүниесін қорғауға шақырады. Браконьерлік фактілері байқалған жағдайда, дереу полицияға хабарласуға шақырады.