Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 14 шілдеде Алатау ауданында болған ірі жол апатынан зардап шеккендерге қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Astana TV.
Апаттан кейін 4 бала – №2 қалалық балалар ауруханасына, 7 ересек адам – №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Барлығына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Сондай-ақ тағы 12 адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы (АККА) баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық деп бағаланған. Дәрігерлік тексеруден кейін бұл пациенттер де амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.