$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Ескерткіш астында қалған қыз баланың өліміне қатысты сот прцесі аяқталды

Ескерткіш астында қалған қыз баланың өліміне қатысты сот прцесі аяқталды

Атырауда «Жеңіс» саябағындағы ескерткіш астында қалған қыз баланың өліміне қатысты  сот  процесі аяқталды. №2 сот ескерткішті тұрғызған  демеуші «Творческий Союз» компаниясының басшысын кінәлі деп тапты. Батыс Қазақстандық кәсіпкер бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

НҰРТАС БӨЛЕКБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот үкім етті: Баймұқашев Дмитрий Юриевичті Қылмыстық Кодекстің   179-баптың  1 бөлімімен кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалсын. Осы мерзімде сәулет,  қала құрылысы жұмысымен айналысуға тиым салынсын. ҚР Тәуелсіздігнің 30 жылдығына байланысты амнистияға орай жартысын қысқартып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Одан бөлек, материалдық шығынмен бірге ата-анасына 20 млн теңге моралдық  өтемақы төлеу міндеттелді. Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға  былтыр  маусым айында болған еді. Нөсер жаңбырдан қорғанбақ  болған отбасының үстіне ескерткіш құлап түседі.  Салдарынан 7 жасар қыз бала қайтыс болды. Айта кетейік,  ескерткішті 2020 жылы Ұлы жеңістің 75 жылдығы қарсаңында  демеуші  компания орнатқан.  Судья сондай-ақ жеке қаулы шығарып,облыс прокурорына сол кездегі қала басшылары мен орынбасарларының іс әрекетінде қылмыстық  құқық бұзушылық бар-жоғына назар аударуды ұсынды.