$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Жазғы лагерлерде қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс

17.07.2025ж. 19:30
56
Жазғы лагерлерде қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс

Елде 10 мыңнан астам жазғы лагерь жұмыс істеп тұр.Оның 198-і маусымдық сауықтыру орталығы болса, қалғаны мектеп жанындағы лагерьлер. Оған Оқу-ағарту министрлігі бас аяғы 3,2 миллионнан астам баланы қамтуды жоспарлап отыр. Осы орайда төтеншеліктер балалар қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.

ЕРБАҒЛАН ПОЛАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Қызметкерлер сол жердегі эвакуациялық шығу жолдарын нақты білуі тиіс. Өйткені төтенше жағдай орын алған кезде балалар тәртіппен және де дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып тізім бойынша тексеріп шығу керек. Балаларға арнап от жағу секілді қауіпті ойындармен ойнауға тыйым салу керек.