$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Зеленский: «Жеңістің ауылы жақын»

17.07.2025ж. 19:30
55
Зеленский: «Жеңістің ауылы жақын»

Жеңістің иісі сезіле бастады. Америкалық телеарнаға берген сұхбатында Украина Президенті осылай деді. Владимир Зеленскийдің айтуынша, нақты қадамдарды Дональд Трамп енді жасады. Сонымен қатар, әуені қорғау үшін Пэтриот кешендеріне снарядтардың алғашқы легі де Германияға келіп үлгерді. Енді бірер күнде Украинаға жөнелтіледі.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Президент Байден кезінде, Украинаға жақсы көмек көрсетті. Бірақ, қазір Ресейге нағыз қысым күшейді. Бір жыл тұралап қалған әскери көмек те қайта жанданды. Оның үстіне, үлкен санкция күтіп тұр. Сондықтан, үміт оты қайта оянды деп ойлаймын.

Израиль ешкімге күн берер емес. Енді Сирияға шабуыл жасады. Шекаралас аймақтарға ғана емес, ел астанасы Дамаксқа да ұшақтан бомба жаудыруда. Уақытша басшы – Ахмед аль-Шарааның айтуынша, елдің ішкі шаруасына аралсу – Израиль тарапынан қылмыс.

АХМЕД АЛЬ-ШАРАА, СИРИЯНЫҢ УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТІ:

Енді айыға бастаған Сирия халқы жаңа проблемамен бетпе-бет келді. Еліміздің бірлігіне қайтадан қастандық жасалды. Ескі режимді жеңгенімізге қарамастан, Израиль өзінің террорлық әрекетін қоятын емес. Әлде құр сылтау етіп, жерімізді басып алуға ұмтылуы да мүмкін. Өзіміз де түсіне алмай отырмыз.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Сирия әскері этникалық топ – Друздарға қарсы әскери операция бастаған еді. Израиль болса, оларды қорғаймыз деген сылтаумен алдымен Сирия Қарулы Күштерінің әскери техникасын жойып жіберді.