$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Олжас Бектенов вегетациялық кезең бойынша жиын өткізді

17.07.2025ж. 19:30
56
Олжас Бектенов вегетациялық кезең бойынша жиын өткізді

Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Үкіметте вегетациялық кезең бойынша жиында айтылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта су қоймаларындағы су көлемі - 19,2 млрд текше метр. Суармалы су көлемінің 98%-ын оңтүстіктегі бес өңір – Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары пайдаланады. Бекітілген жоспар бойынша аталған өңірлерге биылғы суару маусымында 10,1 млрд текше метр су беріледі.