Палата спикері Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс делегациясы Қарағанды облысының Нұра және Осакаров аудандарына барды. Депутаттар өңірдегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты. Олар алдымен өңірдегі Болат Әбдікәрімов атындағы көпсалалы колледж ұстаздарымен кездесті. Оқу орны агроөнеркәсіп, құрылыс және өндіріс салаларына арналған он мамандық бойынша кадрлар даярлайды. 300-ге жуық студент білім алады. Мәжіліс төрағасы педагогтерге арнаған сөзінде Еңбек адамының рөлі мемлекет үшін маңызды екенін атап өтті.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі күнде ең Мемлекет басшысының өзі ерекше айтып жүрген. Осы саясатты жүргізіп жатқан ол - еңбек адам деген. Соның жалғасы ретінде биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Алайда жұмысшы мамандықтарын дайындайтын кім, ол әрине біздің колледждер бірінші кезекте. Сіздердің көмектеріңіз ерекше балалардың бойына бірінші мамандықты сүю, еңбектң құрметтеу, адами құндылықтарды бойына сіңіру. Оның бәрі осы сіздердің бүгінгі жасап жатқан еңбектеріңіз. Сіздердің жасап жатқан міндеттеріңіз. сіздер осыны балалардың бойына құйып жатсыздар.