$532.74 €617.23 ₽6.77
×

ISSAI елімдегі жасанды интеллектінің жаңа буынын ұсынды

ISSAI елімдегі жасанды интеллектінің жаңа буынын ұсынды

Астанада жасанды интеллектінің жаңа технологиялары көпшілік назарына ұсынылды. Оны Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының мамандары әзірлеген. Бұл жүйелер еліміздің технологиялық дербестігін және мәдени ерекшелігін сақтайды. Былтыр қолға алынған жоба мәтінді аудиожазбаға, суретті мәтінге немесе барлығын керісінше орындай алады. Бес бірдей өнім жасанды интеллект бағытында Қазақстанды көшбасшылар қатарына енгізбек. Мамандар бұл технологиялар жасанды интеллект саласында тәуелсіз инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған қадам екенін айтады. 

ЕРБОЛ АБСАЛЯМОВ, ISSAI ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

«Ойлан» деген модель бар. Ол language vision model, яғни суреттермен текстпен жұмыс істей алады. Мысалы біздің веб сайтқа қолжетімді. Оған тіркелу өте оңай. Мысал ретінде дәрігерлер береді ғой рецепт, қолмен жазылған. Ол кейбір кезде түсініксіз болады. Сіз модельге енгізесіз. Модель сізге қолмен жазылған тексті оқи алатындай текстке айналдырады. Немесе бір есепті жібересіз. Сол есептің шешімін шығарады. Яғни, суреттерді анықтайды, оған аналитика жасайды.