$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға 9 миллион қазақстандық үлес қосты

17.07.2025ж. 19:30
110
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға 9 миллион қазақстандық үлес қосты

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға 9 миллион қазақстандық үлес қосты. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Таза Қазақстан» қамқорлығымен бүкіл ел бойынша 874 іс-шара өткізіліп, оның ішінде республикалық және халықаралық акциялар, оның шеңберінде 1 млн. 414 мың тонна қалдықтар жиналды, тек елдімекендерде 2 млн. 400 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл қоғамның экологияға бейжай қарамайтынын көрсетеді. 

МАНСҰР ОШУРБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазірдің өзінде біз экология мәселелерінен басталған бұл бастаманың айтарлықтай маңызға айналғанын көріп отырмыз: ол айналадағы тазалыққа ғана емес, барлық азаматтардың рухани тазалығына да бағытталған. Сонымен қатар, цифрландыру аясында іске қосылған Telegram@TazaQazBot іске асырылуда, оның көмегімен елдің әрбір тұрғыны экологиялық мәселелер мен абаттандыру мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алады.