$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Бурабайда катамаран төңкеріліп кетті

AstanaTV
17.07.2025ж. 22:24
98
Бурабайда катамаран төңкеріліп кетті
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Бурабайда катамаранда төңкерілген демалушыларға көмектесті, деп хабарлайды Astana TV.

Бүгін Ақмола облысы Бурабай ауданында Бурабай көлінде патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары жағалаудан 300 метр қашықтықта екі адам отырған аударылып кеткен катамаранды байқады.

Құтқарушылар көмекке асығып адамдарды жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.