$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, қазір жансақтау бөлімінде жатыр

AstanaTV
17.07.2025ж. 23:32
109
Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға бірер күн бұрын демалыс базаларының бірінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Маңғыстаулық құтқарушылардың хабарлауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі 1,5 метр болатын бассейнге құлаған. 

Кезекші құтқарушы оның суға бата бастағанын байқап қалып, көмекке барған. Ол баланы судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.