$532.74 €617.23 ₽6.77
×

Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» фестиваліне қонақ ретінде қатысады

AstanaTV
18.07.2025ж. 11:29
70
Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» фестиваліне қонақ ретінде қатысады

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында 20-22 шілде аралығында «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестивалі өтеді. Оған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Фестивальге Азия мен Еуропаның 25 елінен орындаушылар қатысады. Ал 2013 жылы өткен алғашқы «Мейкин Азия» фестивалінің жеңімпазы Димаш Құдайберген биылғы шараның ерекше қонағы болмақ.