$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Оңтүстік Кореяда үш күн қатарынан жауған нөсер жауын салдарынан 4 адам мерт болды

AstanaTV
18.07.2025ж. 14:01
138
Оңтүстік Кореяда үш күн қатарынан жауған нөсер жауын салдарынан 4 адам мерт болды
Фото: en.yna.co.kr

Тағы 1 адам із-түзсіз жоғалып, 5 мың адам эвакуацияланды.

Метеорологиялық қызмет ел бойынша тағы да мол көлемде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін екенін айтты, деп жазады Yonhap.

Табиғи апаттармен және қауіпсіздік шараларымен жұмыс жөніндегі орталық штаб мәліметтері бойынша, елдің орталық және оңтүстік өңірлеріне түскен нөсер жауын салдарынан болған табиғи апат құрбандары көбіне Оңтүстік Чхунчхонда тіркелген.

Барлығы 496 қоғамдық, 276 жеке мүлік бүлінгені анықталды. Олардың ішінде 328 жолды су басу, 30 өзен дамбаларының бұзылу жағдайлары бар.

Жолаушылар паромының екі бағытында қозғалыс тоқтатылса, 8 бағыт бойынша пойыздар жүрмейтін болды.

Барлығы 45 рет жарық сөндіру жағдайлары тіркеліп, олардың 36-сы жұма күні азаңмен қалпына келтірілді. Өзгелері бойынша тиісті жұмыстары жалғасып жатыр.