$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Пхеньянның баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты тараптарды келіссөзге отыруға шақырды

AstanaTV
31.07.2017ж. 20:00
2837
Қазақстан Пхеньянның баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты тараптарды келіссөзге отыруға шақырды

Қазақстан Пхеньянның баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты тараптарды келіссөзге отыруға шақырды. Корея Халықтық Демократиялық Республикасының әрекетін айыптаған Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Ал Пхеньян билігін халқының қауіпсіздігі мен дамуы, бүкіл адамзаттың игілігі үшін ядролық менмендіктен бас тартуға шақырды. Өйткені бұл іс-әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын өрескел бұзу болып табылып, бейбітшілікке қауіп төндіреді. Шығыс Азия өңірінде жаһандағы жағдайды ушықтырады деп мәлімдеді. Ядролық қарудан бас тарту бастамасын алғаш көтерген Қазақстан жауапсыз саясат бұл іске жұмсалған күшті де талқан ететінін айтты.

Ал АҚШ президенті твиттердегі парақшасында бұл мәселені шешуде Қытайдан көңілі қалғанын мәлімдеді. "Қытай екі ел арасында тек құрғақ әңгіме жүргізіп келеді, бірақ бұл енді бұлай жалғаспайды", - деп мәлімдеді. АҚШ пен оның одақтастары Пхеньянға тез жойқын күш қолдануға дайын. Мұны АҚШ Тынық мұхит Әскери әуе күшінің қолбасшысы Терренс О'Шонесси мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости. Солтүстік Корея ядролық қаруды кезекті рет 29 шілдде Жапония теңізіндегі Хоккайдо аралына қарай сынақтан өткізді. Хвасон-14 - 47 минут 12 секундта діттеген жеріне жететін жойқын зымыран. Ел билігі сынақтан сәтті өткен ядролық қару АҚШ аумағына дейін жетеді деп мәлімдеді.