$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Құтқарушылар өрт кезінде газ және оттегі баллондарын алып шықты

AstanaTV
18.07.2025ж. 15:10
109
Құтқарушылар өрт кезінде газ және оттегі баллондарын алып шықты

 

Бүгін Ақтөбе қаласының Алматы ауданына қарасты “Сарбаз” саяжай ұжымында өрт оқиғасы орын алды. Өрт салдарынан гараж бен жеке тұрғын үйдің шатыры жанып, жалпы ауданы 90 шаршы метрді қамтыды.
Оқиға орнына дереу ТЖД бөлімшелері жетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында жалынның таралуы уақтылы тоқтатылып, өрт толықтай сөндірілді. Сонымен қатар, оқиға орнынан 4 дана оттегі баллоны мен 1 дана газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.
ҚР ТЖМ ақпаратынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.