Жыл басынан бері елімізде 141 ағза алмастыру операциясы жасалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев айтты.
- Жыл басынан бері 141 ағза трансплантациясы жүргізілді, оның ішінде 79 – бүйрек. Маусым айындағы жағдай бойынша қайтыс болған донордан 24 трансплантация жасалды, оның ішінде 11 – бүйрек, - деп жазады бірінші вице-министр.
Оның мәліметі бойынша, былтыр «бүйрек функциясының жеткіліксіздігі» N17-19 диагнозының 5619 жағдайы жаңадан тіркелген.
- Заңнама арқылы реттеу үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ сау адамдардың ағзасында қант диабетінің дамуын болдырмау үшін құрамында қант бар сусындарға салық салу мәселесі пысықталып жатыр, - деп жазады Тимур Сұлтанғазиев.