Атыраулық азамат әкесінен мұраға қалған қос ғимаратқа әкімдік көз салып отыр,- деп шағымданды. Айтуынша, қаланың қақ ортасында орналасқан гүл дүкені мен кафе ғимаратын әкесі өзі салған. Отыз жылға жуық жұмыс істеп тұр. Жуырда ірі компания басшысы қонақ үй кешенін салу үшін екі ғимаратты сатып алуға ұсыныспен келген.
КОНСТАНТИН ЩЕРБАКОВ, КӘСІПКЕР:
ТЕХОL компаниясы екі ғимаратты сатып алғысы келіп, ұсыныс тастады. Біз бірден бас тарттық. Біз үшін бұл жай бизнес емес, әкем туралы естелік. Содан кейін бір ай өтпестен әкімдіктен екі ғимаратты, жерімен бірге мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алу туралы хабарлама келді. Орнына жол саламыз дейді. Бірақ өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жерде 4 жолақты жолдың жаңғыртудан өткеніне бір жыл да болған жоқ. Бордюры - мрамор, жап-жаңа жол. Брюсчатка да жап-жаңа.
Кәсіпкердің күдігі орынсыз,- дейді әкімдіктегілер. Аумақ автокөлік жолын кеңейту жұмыстары үшін қажет,- деп отыр. Кәсіпкер келіспесе, сотқа жүгініп, жылдың соңына дейін мәжбүрлеп алмақ. “Техоl” компаниясы өкілдері де қонақ ұй кешені құрылысына бұл аумақтың еш қатысы жоқ,- деп отыр.
ЖІГЕР ИБАТОЛЛАҰЛЫ, ҚАЛА ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қалалық автомобиль жолдары бөлімінен ресми хат түсті қала әкімдігіне. Мемлекеттік қажеттілікке алу жөнінде. Осы жылдың 11-наурызында қала әкімдігімен қаулы қабылданды. Бірақ ол мемлекеттік қажеттілікке алу емес, басталу жөнінде. Яғни егер жердің меншік иесі келіспеген жағдайда ол мәселе тек сот орындары арқылы шешіледі. +Басқа тұлғалардың мүддесі үшін біз мемлекеттік қажеттілікке жер учаскелерін ала алмаймыз.
ЕРЛАН ӘМІРҚҰЛОВ, “TEXOL” КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Шербаковтардың жерін мәжбүрлеп алуға еш қатысымыз жоқ. “Ақ Жайық” қонақ үйін сатып алмастан бұрын компания басшысы жобаны кеңейтіп, қаланы көріктендіру үшін Константин Шербаковпен кездесіп, түрлі нұсқалар ұсынды. Бірақ Шербаковтар отбасы талқылауға мүлдем қарсы болды. Сондықтан оның жер телімін бұл аумақты көріктендіру жобасынан алып тастадық.
Бір қызығы бұл аумақтағы автокөлік жолының орташа жөндеуден өткеніне 5 жыл да болмаған. Солай бола тұра, 1 шақырым 61 метр жолды орташа жөндеуге былтыр тағы оң қорытынды алып қойған.
АЙДОС ИБРАИМОВ, ЗАҢГЕР:
Бас жоспарға сәйкес ол жерге жол саламыз немесе бір ғимарат саламыз деп алып, басқа нысанды пайдаланатын болса онда ол сол мүмліктің иесін қосымша тағы сотқа талап арыз беру, өзі өтемақы төлеу немесе сол мүлікті өзіне қалдыру туралы толықтай іс-әкерет жасауға заң бойынша құқығы бар.
Әкімдік қызметкерлері аталған құжаттамаға сәйкес «Ақжайық» қонақ үй ғимаратының маңына көлік қою орындарын кеңейтіп, қайта орналастыру жұмысы да бар екенін айтып қалды. Тіпті мердігер мекемені анықтау үшін электрондық конкурс жариялап қойған.