$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Астанада «Бір ауыл – бір өнім» жобасына 50 кәсіпкер қатысты

Астанада «Бір ауыл – бір өнім» жобасына 50 кәсіпкер қатысты

Астанада кәсіпкерлердің жәрмеңкесі өтті. «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қаладағы 50-ден аса өнім өндіруші қатысты. Олардың қатарында ұлттық нақышта бұйымдар жасайтын қолөнер шеберлері, адам денсаулығына пайдалы тағам өндірушілер, сондай-ақ тұрмысқа қажетті құрал-жабдық жасаушылар бар. Мамандардың айтуынша, жобаға қатысушылар тауарларын жергілікті шикізаттан өндіру қажет. Жобаның мақсаты – жергілікті ресурстар мен ерекшеліктерді тиімді пайдалана отырып, шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету.

АЗАМАТ ЖҮСІПБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бүгін біз 10 адам таңдаймыз, жартылай финалға. Сосын күз айында оннан 3 адам таңдайды. Сол үш адамға, жеңімпазға біз сертификат береміз. Сол сертификатпен 3 млн алады. Оборудование алуға 5 млн сертификат, үш жеңімпаз. Сосын біз сол үш жеңімпазбен қоштаспаймыз. Олар әріқарай бізде қай жерде осындай жәрмеңке болады, сол жерде қатысады.