$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Үкімет басшысы металлургтерге Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

18.07.2025ж. 19:30
64
Үкімет басшысы металлургтерге Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыстады

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тау-кен металлургия саласының қызметкерлеріне Президенттің атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Қазір салада 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олардың күнделікті қызметі машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика саласының дамуына серпін беріп келеді. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында сала қызметкерлеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет екі жаңа мемлекеттік награда – «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» құрметті атағын тағайындады. Осы жылы 600-ге жуық жұмысшының еңбегі ерекше бағаланды. Олар – бүкіл ел бойынша өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері. Мемлекеттік наградаларды өнеркәсіп және құрылыс министрі мен өңір әкімдері табыс етті.

БОЛАТ АЙДАБОЛОВ,  «KAZAKHMYS SMELTING» ЖШС ЖЕЗҚАЗҒАН МЫС БАЛҚЫТУ ЗАУЫТЫНЫҢ БАЛҚЫТУШЫСЫ:

Күллі металлургтер қауымы үшін ерекше күн. Бұл орденмен марпатталуым Мемлекет басшысының біздің ортақ еңбегімізге берген жоғары бағасы. Металлургия саласы ел эономикасының негізі. Сондықтан біз әрқашанда адал еңбек етуге дайынбыз. Еліміз аман, бірлігіміз бекем болсын!