$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Денсаулық сақтауды цифрландыру: жарты жылда 1,8 млн қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді

AstanaTV
19.07.2025ж. 14:00
104
Денсаулық сақтауды цифрландыру: жарты жылда 1,8 млн қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ел халқына 1,8 миллионға жуық қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, бұл жалпы санның 8,35%-ын құрайды, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ведомство алқасында.

Пациенттерді сәйкестендірудің цифрлық құралдарын қолдануды масштабтау шеңберінде ел бойынша медициналық ұйымдардың 80%-ы қажетті веб-камералармен қамтамасыз етілген.
Цифрлық сәйкестендіруден өткен пациенттердің үлесі 79%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, жыл басынан бері 6 айда дәрі-дәрмектерге жіберілген рецептілердің 76,3%-ы қамтамасыз етілді, деп атап өтті Е.Оспанов.
Цифрландыруды арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына медициналық ұйымдарды веб-камералармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстардың аяқталуын қамтамасыз ету, пациенттерді цифрлық сәйкестендіруге толық көшуді қамтамасыз ету, «Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрілік заттарды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту тапсырылды.