Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының спорттық және жауынгерлік самбодан чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген әскери бөлімдердің сарбаздары мен офицерлері қатысқан додада 70-ке жуық спортшы күш сынасты.
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен жарыс барысында 7 команда 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Қатысушылар арасында ел және Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері де бар.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының дене даярлығы және спорт бөлімінің бастығы Сәтжан Әбішевтің айтуынша, бұл жарыс алдағы уақытта өзге өңірлерде де жалғасын табады. Жеңімпаздар Ішкі істер министрінің кубогіне қатысуға мүмкіндік алады.