$533.61 €621.07 ₽6.78
×

ТЖМ әскери қызметшілері шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

AstanaTV
19.07.2025ж. 19:22
88
ТЖМ әскери қызметшілері шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Шомылу маусымының қызған шағында Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері еліміздің су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысып жатыр. Су айдынын патрульдеуге ТЖМ 115-ке жуық әскери қызметшісі тартылды.

  Жаз басталғалы бері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстары күшейтілді: бекітілген учаскелерде тұрақты патрульдеу мен рейдтер ұйымдастырылып, азаматтарға судағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

  28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Алматы облысының Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Үлкен Алматы» және «Кіші Алматы» су айдындарында қызмет атқаруда.

  20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ақтөбе қаласындағы Ілек өзенінде және Орал қаласындағы Жайық өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

  68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семей қаласындағы Ертіс өзенінің бойындағы сегіз учаскеде патрульдеу жүргізуде. Сонымен қатар осы бөлімшенің құтқару батальоны Алтай және Самар аудандарындағы Бұқтырма су қоймасында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Сібе көлдерінің жағалауында рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр.

  ТЖМ әскери қызметшілерінің жұмысы судағы оқиғалардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді: су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау — сіздің қауіпсіз демалысыңыздың кепілі.