АҚШ Мексикамен шекарадағы қоршауды күшейту мақсатында жаңа қабырға тұрғызуды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Осылайша бұл елдің оңтүстік-батысындағы шекара бойында салынғалы жатқан екінші қабырға болмақ.
АҚШ-тың Кеден және шекара қызметінің мәліметінше, ұзындығы шамамен 11 шақырымға созылатын қабырға Нью-Мексико штатында салынып жатыр. Жоба шекарадағы қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыру жоспары аясында қолға алынған.
Басылымның жазуынша, бұған дейін елдің Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм Аризона мен Нью-Мексико штаттарында шамамен 58 шақырымға созылатын жаңа шекара қабырғасын салуға рұқсат берді.