$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Жол бойында тұрған «Газель» көлігі тұтастай өртеніп кетті

AstanaTV
20.07.2025ж. 13:25
76
Жол бойында тұрған «Газель» көлігі тұтастай өртеніп кетті
Фото: Instagram/112_aktau

Көлік ауыл ішінен жиналған қоқысты тасымалдап жүрген кезде өртенген. Оқиға орнынан тараған видеокадрларда өрт сөндірушілердің келгені, алайда көліктің толық жанып кеткені көрінеді, деп хабарлайды Astana TV.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, өртенген «Газель» – ауылдағы жалғыз қоқыс таситын көлік болған. Енді елдімекенде қоқыс шығарумен кім айналысатыны белгісіз.

«Бұрын осы бір көлік ауылды түгел аралап, бес күнде бір рет қоқыс жинап кететін. Енді ол техника жанып кетті. Бізге жаңа көлік бөлінер ме екен?» – дейді жергілікті тұрғындар.

Ауыл тұрғындары көліктің өртенгеннен кейін бірден жолдан алынып тасталмағанына да наразылық білдіруде. Ол жолдың дәл ортасында тұрып, қозғалысқа кедергі келтірген.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.