$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Әлемде 300 млн-нан астам адамның үйі жоқ

AstanaTV
20.07.2025ж. 16:10
72
Әлемде 300 млн-нан астам адамның үйі жоқ

Дүние жүзі бойынша 300 миллионнан астам адам үйсіз жүр, деп хабарлайды Astana TV.

Ал 1 миллиардтан аса адам трущобаларда тұрады. Тағы 2,8 миллиард адам үй деп айтуға келмейтін бейресми баспаналарда күнелтуге мәжбүр.

Ұйым сарапшылары бұл жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыспен байланыстырады. Найробиде өткен жиында Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның таза су мен санитарлық жағдайға қол жеткізе алмай отырғаны да атап өтілді.