$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Газа секторында 17 мыңнан астам бала аштықтан зардап шегуде

AstanaTV
20.07.2025ж. 22:22
185
Газа секторында 17 мыңнан астам бала аштықтан зардап шегуде
Фото: ашық дереккөзден

Олардың кейбіреуі стресс пен жадының жоғалуына байланысты ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

«Ауруханаларда орын мен дәрі жетіспейді. Созылмалы аштыққа шалдыққан науқастарды емдеу үшін қажетті инфрақұрылым жеткіліксіз. Израиль 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Газа секторына «аштық блокадасын» қолданып отыр. Бұл аймаққа медициналық және гуманитарлық көмек жеткізуге тосқауыл болуда», - делінген хабарламада.