$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Алматыда екі апта бойы жылу желілері сынақтан өтеді

AstanaTV
21.07.2025ж. 08:14
106
Алматыда екі апта бойы жылу желілері сынақтан өтеді
Фото: © istockphoto.com

Компания өкілдерінің мәліметінше, магистральді және тарату құбырларындағы ақауларды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары таңғы 4:00-ден 7:00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Astana TV.

Осы кезеңде тұрғындар мен қала қонақтарынан сақтық шараларын сақтауы сұралады.

Сынақ жүргізілетін негізгі аумақтар төмендегідей:

  • 21–23 шілде: Алмалы, Жетісу, Алатау, Медеу аудандары
  • 21 шілде – 1 тамыз: Бостандық, Медеу аудандары, Орбита, Мирас, Қазфильм шағынаудандары
  • 22–24 шілде: Ауэзов, Алмалы аудандары – Райымбек, Яссауи, Сейфуллин көшелері
  • 23–25 шілде: Айнабұлақ, Көкмайса, Отрар, Бурундай, Жангелдин көшелері
  • 24–25 шілде: Қаланың барлық дерлік аудандары: Наурызбай, Алатау, Жетісу, Бостандық, Алмалы, Ауэзов
  • 28–30 шілде: Аққайнар елдімекені, Шагабутдинов, Тимирязев, Басанова көшелері
  •  28 шілде – 1 тамыз: Есентай өзені, Панфилов, Гоголь, Чайковский көшелері
  • 29 шілде – 1 тамыз: Қуанышбаев, Саин, Рыскүлбеков көшелері
  • 30 шілде – 1 тамыз: Айманов, Жандосов, Кабанбай батыр көшелері
  • 31 шілде – 1 тамыз: Байзақов, Утепов, Розыбакиев көшелері