Компания өкілдерінің мәліметінше, магистральді және тарату құбырларындағы ақауларды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары таңғы 4:00-ден 7:00-ге дейін өтеді, деп хабарлайды Astana TV.
Осы кезеңде тұрғындар мен қала қонақтарынан сақтық шараларын сақтауы сұралады.
Сынақ жүргізілетін негізгі аумақтар төмендегідей:
- 21–23 шілде: Алмалы, Жетісу, Алатау, Медеу аудандары
- 21 шілде – 1 тамыз: Бостандық, Медеу аудандары, Орбита, Мирас, Қазфильм шағынаудандары
- 22–24 шілде: Ауэзов, Алмалы аудандары – Райымбек, Яссауи, Сейфуллин көшелері
- 23–25 шілде: Айнабұлақ, Көкмайса, Отрар, Бурундай, Жангелдин көшелері
- 24–25 шілде: Қаланың барлық дерлік аудандары: Наурызбай, Алатау, Жетісу, Бостандық, Алмалы, Ауэзов
- 28–30 шілде: Аққайнар елдімекені, Шагабутдинов, Тимирязев, Басанова көшелері
- 28 шілде – 1 тамыз: Есентай өзені, Панфилов, Гоголь, Чайковский көшелері
- 29 шілде – 1 тамыз: Қуанышбаев, Саин, Рыскүлбеков көшелері
- 30 шілде – 1 тамыз: Айманов, Жандосов, Кабанбай батыр көшелері
- 31 шілде – 1 тамыз: Байзақов, Утепов, Розыбакиев көшелері