$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Ресейден автокөлік импорты кенет екі есе ұлғайып кетті

AstanaTV
21.07.2025ж. 16:32
140
Ресейден автокөлік импорты кенет екі есе ұлғайып кетті

2025 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанға жеңіл автокөлік импорты рекордтық көрсеткішке жетті – 78 067, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33% жоғары. Бұған қазақстандықтар шамамен 1 млрд доллар төледі. Оның ішінде 2025 жылдың мамырында 21 488 көлік әкелінді. Бұл соңғы 2014 жылдың маусым айынан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Traderedport телеграм арнасы.

Импорт өсімінің құрылымы аз литрлі автомобильдер сегментіндегі танымалдықтың артуын көрсетеді. Ең үлкен өсім қозғалтқыш көлемі 1500 см³ дейінгі позицияларда болды. Қозғалтқыш көлемі 1000 см³ дейінгі автомобильдер 4 есе — 3 766-дан 15 283-ға дейін, ал сыйымдылығы 1000-нан 1500 см³-ге дейін 17 376-дан 24 875-ға дейін өсті. Жалпы, осы екі санат импорттың жалпы өсімінің 98%-дан астамын құрады.

Елдер бойынша өсімнің негізгі драйвері Қытай болды, бқл елден импори екі есеге жуық өсті — 26 868-ден 50 290-ға дейін. Сондай-ақ Ресейден (2366-дан 4562-ге дейін) және Германиядан (957-ден 1250-ге дейін) өсті. 

Бұл ретте АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореядан жеткізілімдер теріс динамика көрсетті.