$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Суға тұншыққан қызды құтқарған сарбаз “Ізгі жүрек” сыйлығына ие болды

AstanaTV
22.07.2025ж. 07:46
120
Суға тұншыққан қызды құтқарған сарбаз “Ізгі жүрек” сыйлығына ие болды

   Батыл әрекет жасаған өңір тұрғындарына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылатын «Ізгі жүрек» сыйлығының марапатына биыл «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінің аға сарбазы Пермабек Жанасбек ие болды.

  Еске салайық, ефрейтор Жанасбек еңбек демалысында ерен ерлігімен көзге түскен болатын.
Ол Өскемен қаласында Үлбі өзенінің жағасында серуендеп жүріп, суға тұншығып, жатқан қызды байқайды. Әскери қызметші өзен суының қатты ағысына қарамастан, қызды құтқарып қалады. Осы ерлігі үшін «Казцинк» компаниясының басшылығы — «Ізгі жүрек» ұйымдастырушылары оған 1 000 000 теңгенің сертификатын табыстады.
   Ефрейтор Жанасбек Пермабек бұған дейін көрсеткен ерлігі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған болатын. Төрт баланың ардақты әкесі Ұлттық ұлан қатарында он жылдан аса абыройлы қызмет етіп келеді.