Сенаторлар Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов Алматы қаласының таулы аймағындағы мұздық көлдер мен гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен танысты. Мұздықтардың күрт еруі кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу, инженерлік құрылыстарды жаңғырту, жағалау сызығын нығайту және алдын алу шараларын уақтылы жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Гидрологиялық жағдайдың өзгерістеріне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету және мекемеаралық өзара үйлестірілген іс-қимылды жолға қою қажет. Бұл таулы аумақта тұратын халық үшін кешенді қауіпсіздіктің негізі болып табылады»,
- деді сенатор Ғалиасқар Сарыбаев.