16 шілде күні №61-квартал аумағында орналасқан Шалыга аралында жүргізілген мониторинг барысында өлі құстардың денесі табылды. 18 шілде күні Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманымен бірлесіп тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында құстардың өлекселері тіркелді.
Қазіргі уақытта құстардың нақты өлу себебі анықталуда. Резерват қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақта күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыруда.