$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Алматыда ірі қойма өртенді

21.07.2025ж. 19:30
83
Алматыда ірі қойма өртенді

Алматыда ірі қойма өртке оранды. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Онда бояулар және тағы да басқа материалдар болған көрінеді. 18 техника мен 60-тан аса жеке құрам жұмылдырылып, тілсіз жау толығымен сөндірілді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Жедел штаб құрылды.

БАҒДАТ ЧАЙЗАДА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Келген 6 минуттан кейін келген уақытта қойманың ашық жануы анықталған болатын. Жеке құрамның жедел іс әрекетімен шығыс, батыс және солтүстік жақтағы қоймаларға өрттің таралуына жол берілмей, сонымен қатар, оңтүстік жағында орналасқан теміржол вагондарын лезде алып тастаған болатын.