Ақтөбеде газ құю бекетінің операторын күйік шалып, ауруханаға түсті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 литрлік тұрмыстық газ баллонын толтыру кезінде жеңіл автокөлік өртенген. Абырой болғанда газ баллоны жарылмады. Өрт резервуар мен бекеттің инфрақұрылымына таралмаған. Науқас травматалогия бөліміне жеткізіліп, термиялық күйік алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы тұрақты.