$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Оралда 13 адамға 6,5 млн тг шығын келтірген алаяқ ұсталды

21.07.2025ж. 21:30
94
Оралда 13 адамға 6,5 млн тг шығын келтірген алаяқ ұсталды

Заңды айналып өтіп, жүргізуші куәлігін жасап беремін деп оралдықтарды алдап соққан алаяқ ұсталды. Полиция дерегінше, оның сөзіне сенген 13 азамат тезірек құжат алу үшін қалтасындағы қаржысын берген. Енді бірі куәлікті оңай алуға болатынын айтып, өзі алданғаны аздай, жақын-жуықтарын да сан соқтырыпты. Осылайша келтірілген шығын 6 500 000 теңгеге жеткен. Алданғанын кейін білгендер арызданған соң, күдікті жедел-іздестіру шаралары кезінде ұсталды.

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әркеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырады. Осындай әрекеттер туралы мәліметі болса полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.