$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Зеленский Ресейді келіссөзге шақырды

21.07.2025ж. 19:30
75
Зеленский Ресейді келіссөзге шақырды

Зеленский Ресейді тағы бір рет келіссөзге шақырды. Қорыққанымыз емес, бейкүнә адамдардың өлімін тоқтатқымыз келеді, - дейді Украина Президенті. Диалог алаңы ретінде Зеленский тағы да Түркияны ұсынды.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз Ресейді ресми түрде қайтадан келіссөз алаңына оралуға шақырамыз. Бірақ, қолында билігі бар адам келуі тиіс. Оның үстіне, орынсыз талаптар қоятын есуастарды да жолатпауды талап етеміз. Жалпы, талаптарымыз көп. Тұтқында азапталып жатқан біздің сарбаздарды, мерт болған батырларымызды және ұрланған балаларымсызды қайтарсын.

Сирияның уақытша Президенті тағы да Израильді айыптады. Ахмед Аль-Шарааның айтуынша, арнайы операцияның үлкен қақтығысқа ұласып кетуіне Израильдің арандату әрекеті себеп болған. Осыны пайдаланып, Нетаньяху тағы да Сирияның жерін басып алуды көздейді, - дейді ел басшысы.

АХМЕД АЛЬ-ШАРАА, СИРИЯНЫҢ УАҚЫТША ПРЕЗИДЕНТІ:

Халықаралық қауымдастық біз бүкіл друздарды қудалап, өлтіріп жатыр деп ойлап қалды. Олай емес деп қайталап айтқым келеді. Біз ішіндегі тек қылмыскерлерді құрықтаудамыз. Бірақ, Израиль секілді арандатушылардың кесірінен бүкіл друздар Үкімет әскеріне қарсы шығып, үлкен қақтығысқа ұласты. Оның үстіне, Сирия бүкіл оңтүстікті және астанамыз – Дамасктегі мемлекеттік нысандарды атқылап жатыр. Израиль кезекті рет халықаралық қылмысқа барып жатыр.

Режеп Тайып Ердоған Израильді террористік мемлекет деп атады. Түркия Президентінің бұлай деуіне Газа секторындағы озбырлық себеп болған.

РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен тағы да қайталап айтуға мәжбүрмін. Израиль – тәрбие алмаған бала секілді. Ешқандай халықаралық заңға бағынбайтын, ешкімді құрметтемейтін, террористік мемлекет.

Түркия Президенті айтса, айтқандай, күні кеше 85 бейбіт адам қаза тапқан. Израиль әскері кезекті рет тамаққа кезекте тұрған ашыққан халыққа оқ жаудырған.