$529.44 €617.06 ₽6.76
×

Астанада қымыз рекорды тіркелді

21.07.2025ж. 19:30
104
Астанада қымыз рекорды тіркелді

Астанада өткен «Baiqymyz» гастрофестивалі аясында қымыз рекорды тіркелді. Алғаш рет ұйымдастырып отырған ауқымды шараға ел аумағынан 50-ден астам қымыз өндіруші қатысты. Олар елорда тұрғындары мен қонақтарына 30 тоннадан астам ұлттық сусын ұсынды. Өз өнімін әділқазылар алқасының алдында таныстырды. Сондай-ақ ең үздік қымызды анықтау үшін кез келген адам сусынның дәмін көріп, QR код арқылы дауыс берді. Нәтижесінде Абай облысы, Саржал ауылынан келген шаруа қожалығының өнімі көптің көңілінен шығып, бірінші орынды иеленді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта қымыз фестивалін өткізуді дәстүрге айналдырмақ.

СЕРҒАЗЫ ИСАБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

600 литр қымыз алып келдік. Көңіл-күй тамаша. Бұдан артық не керек? Қазақтың дәстүрлі қымызын дәріптеу – өте дұрыс. Ұйымдастырушыларға көп рақметімді айтамын. Жылдан жылға осындай фестивальдер өте берсін.