«Қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік». Түркістан қаласында Оранғай өзенінің маңында осындай атаумен тазалық шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында арнайы семинар-тренинг өтті. Жиын - экологиялық мәдениетті қалыптастыру және суға түсуге тыйым салынған аймақтарда болатын оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған. Экологиялық шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының ұжымы ұйытқы болды. Тазалық жұмыстарына Түркістан мен Кентау қаласынан бөлек Сауран ауданының жастары жұмыла қатысты. Айта кетейік, аталмыш шараға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де атсалысты. Олар суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережерлері мен алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы оқыту сабақтарын өткізді.
ПЕРДЕБЕК ЕСҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алдын алу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары және арнайы суға шомылуға тиым салынатын аймақтарға белгілер қойылды. Және арнайы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, егерде сондай қайғылы жағдайлар орын алып жатқан жағдайда алғашқы көмекті қалай көрсететіні туралы жастарымызға, еріктілерімізге семинар тренингтер бүгінгі акцияда түсіндірілді.