$529.44 €617.06 ₽6.76
×

"Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтед

AstanaTV
22.07.2025ж. 10:48
127
"Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтед

23-24 шілдеде елімізде "Жер-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.

"24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі", - делінген министрлік хабарламасында.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетіледі.