$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Гандбол: ұлттық құрама өкілдері жартылай финалға шықты

AstanaTV
22.07.2025ж. 15:04
98
Гандбол: ұлттық құрама өкілдері жартылай финалға шықты

18-26 шілде аралығында Қытайдың Цзинганшань қаласында гандболдан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ХІ Азия чемпионаты жалғасуда.

Кезекті тур ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы Ганконг командасымен жарыс алаңына шығып, нәтижесінде 44:18 есебінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Тартысты бәсекеде Ұлттық құрама сапындағы қызылордалық спортшыларымыз үздік ойын өрнегін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Бану Көпжан 12 гол салып, үздік ойыншы атанса, Нұрдана Қырғызбай 14 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, Қызжібек Ғалым 15 рет сейф жасап, көрермен көзайымы атанды.

Айта кетейік, 23 шілде күні Ұлттық құрама өкілдері Жапония елінің командасымен жартылай финал ойындарында кездеседі.

Жаттықтырушы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Құнанбай Салыбеков.