Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов айтуынша, қар барысы сутаңба түрінде бейнеленіп, төлқұжат нөмірінің астына орналасады.
Жаңа элемент құжатты қолдан жасаудан қорғауды күшейту мақсатында енгізіліп отыр.
"Ұлттық төлқұжатты қорғау деңгейін көтеріп жатырмыз. Біздің азаматтар визасыз 43 елге бара алады. Қазақстандық паспорт халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Қажетті қорғау элементтерін одан әрі жетілдіріп жатырмыз", — деді Бауыржан Әленов.