$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Шетелдіктер бизнес ашу үшін елге келмей-ақ АХҚО-ның юрисдикциясында тіркеле алады

AstanaTV
22.07.2025ж. 16:24
141
Шетелдіктер бизнес ашу үшін елге келмей-ақ АХҚО-ның юрисдикциясында тіркеле алады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысы барысында Қазақстанға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып жатқан мобильді қосымшалар туралы айтып берді.

 Соның ішінде министр QazETA қосымшасын мысалға келтірді.Бұл Қазақстандағы шетелдіктерге арналған мобильді қосымша, ол оларға бірқатар сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оның ішінде: цифрлық мемлекеттік қызметтер бөлігінде – виза алу, болу орны бойынша тіркелу және өзге де көші-қон сервистері;
туризм бөлігінде – көрікті жерлер, турлар, қонақүйлерді брондау, билеттерді сатып алу және т.б.;
байланыс және көлік бөлігінде – SIM-карталарды сатып алу, авто, такси жалдау, қоғамдық көліктің кестесі мен төлемі;
бизнес және инвестициялар бөлігінде – Astana Hub, Астана халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ B2B-қызметтер туралы ақпаратқа қол жеткізу;
қауіпсіздік бөлігінде – шұғыл байланыстар, медициналық қызметтер туралы ақпараттар бар.
 

«2025 жылғы 15 шілде күні пилоттық жоба аясында QazETA мобильді қосымшасы Playmarket-те орналастырылды. AppStore алаңында қосымшаны орналастыруды осы айдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, биылғы қазан айында қосымша шеңберінде 2 жаңа процесс іске қосылады. Олар – ETA (Electronic Travel Authorization) - визасыз елдерге кіруге рұқсат беру; E-residency – шетелдіктер үшін жаңа мүмкіндік. Қазір бұл екеуі бойынша заңнамаға пысықтау жүргізіліп жатыр. Соңғысы (E-residency) Эстония мен Сейшелдің тәжірибесіне сай, бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында резиденттікті тіркеуге мүмкіндік береді»,- дейді Жаслан мәдиев.