Ақтөбе қаласының тұрғыны тісін емдету үшін 980 000 теңге көлемінде тұтынушылық несие рәсімдеп, бұл соманы стоматологиялық клиникаға алдын ала толық төлеген.
Алайда, ешқандай стоматологиялық қызмет көрсетілмеген. Тіс емханасы жұмыстың басталғанын және материалдарға тапсырыс берілгенін айтып, ақшаны қайтарудан бас тартқан.
Осыған байланысты тұрғын Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгініп, құқықтық көмек алған. Мамандар талап арыз дайындауға көмектесіп, заң аясында әрекет ету жолдарын түсіндірген. Нәтижесінде тіс емханасы төленген қаражатты толық қайтарды.