Индонезия полициясы 2023 жылдан бері кемінде 25 сәбиді Сингапурға сатып жіберген халықаралық балалар саудасы синдикатын анықтады,-деп жазады ВВС.
Биыл шілдеде Понтианак пен Тангеранг қалаларында осы іске байланысты 13 адам ұсталды. Балаларға жалған құжаттар жасалып, Сингапурға жіберу жоспарланған. Олардың ішінде бір жасар 6 сәби болған.
"Бұл балаларды Понтианак қаласында ұстап алып, оларға иммиграциялық құжаттар рәсімделіп жатқан", – деді Батыс Ява полициясының өкілі Сураван.
Полицияның мәліметінше, синдикат қиын жағдайдағы аналармен байланыс орнатып, кейбір сәбилерді құрсақтағы кезінде-ақ "брондап" қойған. Анасына босануға кеткен шығын өтеліп, белгілі бір сома берілген соң, сәбиді алып кетіп отырған.