2018
жылы ең төменгі күнкөріс көлемі 16 пайызға өседі. Сөйтіп ол 28 мың теңге
болады. Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі осылай деп хабарлады. Қазіргі уақытта ол 14 466 теңгені
құрайды. Сәйкесінше, базалық зейнетақы да, әлеуметтік төлемдер де өседі. Келесі
жылы әлеуметтік төлем жүйесі біршама өзгереді. Мәселен, зейнетақы тек еңбек
өтіліне қарай есептеледі. Және аз қамтылған отбасы мен арнайы әлеуметтік көмек
алатын отбасыларға келісімшарт ұсынылады. Оған сәйкес, отбасындағы еңбекке
жарамды адам жұмысқа тартылады. Есесіне, әлеуметтік төлемге 50 пайыз үстеме
қосылады. Бұлай болмаған жағайда, отбасы жәрдемақыдан толық қағылады.
Светлана
Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Бір
атап өтерлігі, көп балалы, яғни 4 баладан көп отбасылар бұрын қалай алды, солай
қалады. Әлеуметтік желілер де, кейбір БАҚ-да келесі жылы барлық әлеуметтік
төлемдер тоқтатылады деген сөз шығып жатыр. Бұған дейін жәрдемақы алып келген
200 мың отбасы тиесілі жәрдемақыны әрі қарай да алады.